кесте

11 қыркүйек, дүйсенбі

Конференцияға қатысушылардың келуі

12 қыркүйек, сейсенбі

Конференцияның ашылуы, отырыстар

13 қыркүйек, сәрсенбі

Отырыстар

14 қыркүйек, бейсенбі

Конференцияның жабылуы, техникалық турлар

15 қыркүйек, жұма

Конференцияға қатысушылардың кетуі

АТОМ ЭНЕРГЕТИКАСЫН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗІРГІ БЕТАЛЫСЫ МЕН КЕЛЕШЕГІ

  • Атом энергетикасының қауіпсіздігі
  • Радиациялық материалтану және қатты дене физикасы
  • ПЯО және РАҚ-пен жұмыс істеу



РАДИАЦИЯЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ МЕДИЦИНА

  • Радиоэкологиялық зерттеулер және адам мен экожүйелерге төнетін қауіп-қатерді бағалау
  • Бұрынғы сынақ полигондары мен басқа да радиациялық қауіпті объектілерді мониторингілеу
  • Техногендік радиоактивті ластануға ұшыраған аумақтарды ремедиациялау
  • Өнеркәсіп пен медицинадағы ядролық және радиациялық технологиялар

СУТЕГІ ЭНЕРГЕТИКАСЫН ЖӘНЕ БАСҚАРЫЛАТЫН ТЕРМОЯДРОЛЫҚ СИНТЕЗДІ ДАМЫТУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

  • Басқарылатын термоядролық синтез: қондырғылар және зерттеулер
  • Сутегіні алу және пайдалану технологиялары
  • Термоядролық және сутегі энергетикасының материалдары

ЯДРОЛЫҚ ҚАРУДЫ ТАРАТПАУ РЕЖИМІН НЫҒАЙТУ

  • Ядролық қару инфрақұрылымын және сынақтардың салдарын жою
  • Ядролық қаруды таратпау режимін қолдау және нығайту, азаматтық секторда жоғары байытылған уранды пайдалануды барынша азайту
  • Ядролық сынақтарды және олардың салдарын геофизикалық әдістермен мониторингілеу
  • ЯСЖТШ-ның орындалуын бақылау режимінің әлеуетін арттыруға арналған ССП аумағы

2023
12-14 ҚЫРКҮЙЕК

Курчатов
Қазақстан

Жұмыс тілдері
қазақ, орыс және ағылшын

ұйымдастырушылар

Сұрақтар мен жауаптар

Баяндамалардың тезистері электронды түрде conf2023@nnc.kz e-mail-іне 2023 жылғы 7 тамызға дейін жіберілуі тиіс.

Тезистердің көлемі – А4 (210×297 мм) пішімді 1 беттен аспауы тиіс, жиектері: үстінде, сол жақта, төменде – 25 мм; оң жақта – 15 мм. Қарпі – Times New Roman, биіктігі 12 пт, бір аралық арқылы. Баяндаманың атауы бас әріптермен жазылады, оның астына авторлардың тегі, аты-жөні және өздері жұмыс істейтін ұйымның атауы, қала мен елдің атауы қоса жазылады. Баяндамалардың тезистер жинағы конференция қарсаңында басып шығарылады.

Конференцияға қатысушылардың стандарт ұйымдастыру жарнасы төлем сәтіндегі МБВБ курсы бойынша теңгемен алғандағы 100 АҚШ долларын құрайды. Жарнаны 2023 жылғы 1 қыркүйекке дейін ҚР Энергетика министрлігі «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК-ның есеп айырысу шоттарына аударуға болады:

  • қазақстандық теңгемен: 180010, Абай облысы, Курчатов қ., Бейбіт атом көшесі, 2Б СТН 511800000504, БСН 990240001722, КБе 16 ЖСК KZ826017261000000005, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ БСК HSBKKZKX
  • АҚШ долларымен: JSC Halyk Bank 40, Al-Farabi ave., А26М3К5, Almaty, Kazakhstan Swift code: HSBKKZKX IBAN KZ216017261000000133
  • ресейлік рубльмен: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, Қазақстан Республикасы БСК HSBKKZKX , ЖСК KZ216017261000000036

Ұйымдастыру жарнасын төлеген соң төлем құжатының сканерленген көшірмесін жіберулеріңізді сұраймыз. Жарнаны сондай-ақ тіркеу кезінде, конференция ашылған күні қолма-қол ақшамен төлеуге де болады.

01 наурыз 2023 ж. – онлайн-тіркеудің ашылуы

01 шілде 2023 ж. – өтінімдерді қабылдауды аяқтау

07 тамыз 2023 ж. – тезистерді қабылдауды аяқтау

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ӨТКІЗІЛУ ОРНЫ

«Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК, 180010, Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Курчатов қ., Бейбіт атом көшесі, 2Б
Тел. +7 (722-51) 3-33-14
Email: conf2023@nnc.kz